Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда Төле би көшесін ары қарай ұзарту басталды

Алматыда Төле би көшесін ары қарай ұзарту басталды

Алматы. 4 мамыр. 7kun.kz – Төле би көшесін батыс бағытта ұзарту жұмысының бірінші бөлігі Яссауи көшесінен басталып, Әшімов көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Ол үшін 22 жер телімі сатып алынды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше жоба мемлекеттік сараптамадан өткен.

«Бюджет қаржысына жер телімдері сатып алынды. Қазір Төле би көшесін батыс бағытта ұзарту жұмысы басталып кетті. Бірінші учаскесі Яссауи көшесінен басталып, Әшімов көшесіне дейінгі аралықты қамтымақ. Жобаны 2023 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта 270 жер телімінің 22 учаскесі сатып алынды», - деп жауап берді әкімдік ҚазАқпарат агенттігі жолдаған сауалға.

2020 жылы Алматы Мобилділік басқармасының тапсырысымен құрылыстың жоба-сметалық құжаттамасы әзірленді. Ол тұрғындардың назарына ұсынылып, қоғамдық тыңдаудан өтті.

Төле би көшесі жалпы 4,5 шақырымға ұзарады. Жоба екі учаскеге бөлінген: бірінші учаске Яссауи көшесінен Әшімов көшесіне дейін, ұзындығы 2,2 шақырым, екінші учаскесі Әшімов көшесінен басталып, қаланың шекарасына дейін созылады. Оның ұзындығы 2,3 шақырымға созылмақ.

Жалпы 2030 жылға дейін Алматыда 38 көше ұзаратылады.

Похожие материалы