Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда тұрғын үй шаршы метрінің құны 595 мың теңгеге дейін өсті

Алматыда тұрғын үй шаршы метрінің құны 595 мың теңгеге дейін өсті

Соңғы бірнеше жылда Қазақстанда жылжымайтын мүлік бағасы үнемі өсуде, деп хабарлайды 7kun.kz.

Нұр-Сұлтанда 2021 жылдың наурызында бір шаршы метрдің орташа ең төменгі бағасы 343 мың теңге болса, қазір 410 мың теңгені құрап отыр. Алматыда тұрғын үйдің шаршы метрінің құны 563 мың теңгеден 595 мың теңгеге дейін көтерілді.

Елорда мен Алматыда, сондай-ақ жалпы Қазақстанда түрғын үй бағасының өсуіне бірнеше фактор әсер етті:

  • тұрғын үй қорының тапшылығы;
  • билік органдарының зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға және пайдалануға рұқсаты, сондай-ақ көптеген адамдар армандаған баспана іздей бастауы;
  • коронавирустық пандемия мен локдаун жеке үй аумағы бар кең жылжымайтын мүлікке сұраныстың артуына әкелді;
  • карантинге байланысты көптеген отандық өндірушілердің жабылуына байланысты құрылыс материалдары бағасының өсуі;

«Алдағы жылдарға жоспарланған тұрғын үй кешендері мен үйлер баспана тапшылығы мәселесін шешуге жеткіліксіз. Пандемияның аяқталуын болжау да мүмкін емес. Сондықтан жылжымайтын мүлік құнының төмендеуін күтуге болмайды», - дейді мамандар.

Дегенмен, сарапшылардың айтуынша, бағаға қарамастан, баспанаға сұраныс әлі де жоғары. Сондықтан Қазақстанда жылжымайтын мүліктің жаңа объектілерінің құрылысы инвесторлар үшін пайда табудың тамаша мүмкіндігі болып қала береді.

Ұлттық статистика бюросының 11 наурыздағы мәліметі бойынша, бір шаршы метрдің құны бірден 5,5%-ға өсіп, соңғы сегіз жылдағы ең жоғары көрсеткішті көрсеткен.

Айта кетейік, 2022 жылдың екі айында Қазақстанда 1,8 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,3% - ға аз.

Похожие материалы