Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда үш оқушы бастауыш сыныптың бір баласын зорлаған

Алматыда үш оқушы бастауыш сыныптың бір баласын зорлаған

Алматы. 12 мамыр. 7kun.kz – Алматыда жекеменшік мектептердің бірінде 7 сыныптың үш оқушысы 1 сыныптың оқушысын бірнеше күн бойы зорлаған. Бұл туралы «Немолчиkz» қоғамдық ұйымы хабарлады.

«Алматыдағы «Мариям» жекеменшік мектебінің үш 7 сынып оқушысы бірнеше күн бойы 1 сынып оқушысын сабақ үстінде әжетханада зорлаған. Сабақ үстінде мұғалім баланы сыртқа жіберіп, ештеңеден сезіктенбеген.

"Бұл туралы баланың ата-анасы екі апта бұрын білді! Қазір жәбір көрген бала үйінде. Оны дәрігерлер мен психологтар емдеп жатыр. Ал зорлық жасағандар мен олардың ата-аналары бостандықта. Мұғалімдер ешқандай жауапкершілік алып отырған жоқ, полиция да әрекет етпеуде», - деп жазды «Не молчи» қоғамдық ұйымының негізін қалаушы Дина Таңсәрі.

Ол тиісті органдардың аталған жағдайды бақылауға алуын сұрады.

Ал Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі осы оқиға бойынша баланың әкесі Наурызбай аудандық полиция басқармасына 21 сәуірде арызданғанын хабарлады.

"Сол күні 1968 жылы туған Г. есімді азаматтың арызы ҚР ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай базасына тіркелді. Қазір тиісті сараптамалар тағайындалды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, нәтижесі бойынша іске қатысты заңды процессуалдық шешім қабылданады. Тергеу барысын қадағалау үшін процессуалдық прокурор тағайындалды", – деді Алматы қалалық полиция департаментінде.

Сонымен қатар, Алматы полициясы тергеудің жан-жақты, толық және объективті жүргізілетін атап өтті. Қылмыстық істі тергеу барысы мен нәтижесі Алматы қаласы полиция департаментінің бақылауында.

Похожие материалы