Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда VIII MEDIA ҚҰРЫЛТАЙ өтуде

Алматыда VIII MEDIA ҚҰРЫЛТАЙ  өтуде
Бүгін Алматыда Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдары нарығын дамыту мәселелері жөніндегі жыл сайынғы сегізінші конференция – MEDIAҚҰРЫЛТАЙ өз жұмысын бастады.  Конференцияның тақырыбы: «ӨЗГЕРГЕН ЗАМАН ӨЗГЕРІС ЕНГІЗЕДІ». Сонымен қатар, Қазақстан үшін өзекті тақырыпқа айналып отырған медиа-қорларды реттеу мәселесі де - конференцияның басты назарында. Журналистердің жұмысын реттеу «Сайттардың қызметін тоқтату» атты секция шеңберінде талқыға салынбақ. Жалпы алғанда, конференция қатысушылары жаһандық және жергілікті саяси, қоғамдық және әлеуметтік үрдістердің ықпалымен отандық БАҚ нарығында соңғы жылдары қалыптасқан жағдайға талдау жасайтын болады. Қазақстандық сайттардың трафигі қалай есепке алынуда, жылтыр қағазды БАҚ қалай өмір сүруде және жарнама берушілер бүгінгі күні баспа медиасына қарағанда жылтыр қағазды порталдарға шынымен де сенім арта ала ма, кейбір өнім түрлерін жарнамалауға тыйым салу БАҚ нарығына қалай ықпал етуде – осы және тағы да басқа мәселелер отандық медиа-нарықтың басты іс-шарасы кезінде ортаға салынады. "Қиын экономикалық жағдайды ескере отырып, біз БАҚ-на өзгерістерді енгізудің стратегияларын, оның ішінде медиа-қорлар иелерінің, сарапшылар мен аналитиктердің келесі жылға қатысты болжамдары мен көзқарастарын ортаға салғымыз келеді. Бір нәрсе ғана анық: БАҚ дамуға қатысты өз көзқарасын өзгертіп, кәсіби біліктілігін жетілдіруі тиіс және осыған қол жеткізуге мүмкіндік беретін стратегиясы болуы керек, бұл кез келген бизнеске қажетті нәрсе. Мемлекеттік тапсырысқа сеніп қол қусырып отыру – «мұнай инесіне» тәуелді болумен пара-пар. Бұл құрдымға апаратын жол», - деді Қазақстан Баспасөз клубы президенті Әсел Қарауылова. Фото: thenews.kz    

Похожие материалы