Алматы. 17 мамыр. 7kun.kz - Алматыда Рысқұлов даңғылында орналасқан Domillion сауда орталығы сатылады. Қазіргі уақытта бірнеше сатып алушы ниет білдірген. Бұл туралы «ОУСА Альянс» хабарлады.
"Қазіргі уақытта «ОУСА Альянс» ЖШС Domillion-ды сатып алушылармен келіссөз жүргізіп жатыр. Ұсыныс жасағандардың ішінде отандық және шетелдік компаниялардан, сонымен қатар, жеке тұлғалар да бар. Сауда орталығының сатылымдағы бағасы - 4,1 млрд теңге", - деп хабарлады «ОУСА Альянс».
Domillion сауда орталығы 2016 жылдың наурызынан бастап, ForteBank еншілесі «ОУСА Альянс» ЖШС-нің меншігіне өткен. Бұған дейін ол «City Mall» ЖШС құрамында болған.
«ОУСА Альянс» - "Форте Банктің" еншілес құрылымы. Ол банктің күмәнді активтерімен жұмыс істеу үшін құрылған.