Экономика
Алматыдағы Момышұлы көшесі уақытша жабылады
2 қазанда Момышұлы көшесін уақытша жабып тастайды. Бұл туралы метроның баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін кешкі 21:30-нан бастап қаланың батыс бөлігіндегі көшелерде уақытша көлік қозғалысы шектеледі. Қала басқармасы осындай шешімді метроға жақын станцияның аумағыдағы газ құбыры желілерін жою мақсатында қабылдады. "Момышұлы көшесінің солтүстік бағыты- Абай даңғылынан Волгоград көшесіне дейін жабылады",- делінген хабарламада.
Жұмыстар кестеге сәйкес жүзеге асырылып, 3 қазан 23:00-де аяқталады.
Естеріңізге сала кетек: "Сарыарқа" метросының трассасы Абай даңғылының бойымен батысқа қарай Алтынсарин даңғылының бойында Яссауи көшесіне дейін жалғасатын болады.