Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыдағы селден соң автожуу орталықтары қызметіне сұраныс артқан

Алматыдағы селден соң автожуу орталықтары қызметіне сұраныс артқан

Наурызбай ауданына қарасты автокөлік жуу орталықтарына кешегі селден соң сұраныс арта түскен. Бұл жөнінде ТЖ орнына жақын орналасқан үш станцияның қызметкерлері мәлімдеді. Естеріңізге сала кетсек, 23 шілде күні түнде Алматы қаласында сел жүргіп өткен еді. Жолды су мен лай басқандықтан үй мен автокөліктер әбден ластанған.

Селдің нәтижесінде көлігі ластанған бір тұтынушы бір күнде машинасын екінші рет  жуғызып жатқандығын айтады. Ол Таусамалы ауданында тұрғандықтан шалшықпен жүруге мәжбүр. "Мен Наурызбай аудандық ІІБ-нен Шаляпин-Яссауиге дейін барғанмын. Баратын жеріме жеткенше машинаның түрінен түр қалмады. Ертең тағы жуу керек болатын сияқты", - дейді Азамат Баймұратов. Оның айтуынша, селден соң полицей қызметкерлері ластанған автокөлік иелеріне түсіністікпен қарап жатыр. Шаляпин көшесінің бойында орналасқан автожуу орталығының қызметкері сағат 15:00-ге дейін 30 машина жуып үлгерген. Салыстыратын болсақ, 22 шілде күні бар болғаны 10 тұтынушы ғана болған еді. Ал, Яссауи көшесінің бойындағы орталықтарда 24 көлік жуылған. Енді бірінде 20 көлік жуылған. Қызметкерлердің айтуынша, ең қиыны автокөліктерге жабысып қалған балшықтарды кетіру. Момышұлы көшесінің бойындағы автожуу орталығында қызметтеріне сұраныстың артпағандығын айтып отыр. Осы жағдайға байланысты кәсіпкерлер бағаны көтермегендігін айтады. "Тұтынушылар өте көп болды. Олар тек ластанғанын ғана жуғызды. Негізі стандарт жуу бағасы 900 теңге. Олар 400 теңгелік қызмет түрін пайдаланды. Бағаны көтергеніміз жоқ. Сел болғанына адамдар кінәлі емес қой" - дейді автожуу орталықтарының бірінің басшысы. Естеріңізге сала кетсек, жергілікті уақыт 03:00-де Алматы қаласында сел жүрген. ТЖД-нің мәліметінше, Қарағайлы және Каменка елдімекендерінде су тасқыны болған. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар. Ақпарат көзі: Тенгриньюс

Похожие материалы