Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыдағы Түрксіб ауданын көркейтуге 100 млн теңге бөлінді

Алматыдағы Түрксіб ауданын көркейтуге 100 млн теңге бөлінді

Алматы. 14 шілде. 7kun.kz - «Алматы - адамдар үшін» жобасын жүзеге асыру аясында Түрксіб ауданын көркейтуге 100 млн теңге бөлінген. Бұл қаржыға аудандағы екі нысанды жаңғырту көзделген. Аудан әкімі Владимир Устюгов осылай мәлімдеді деп жазады Қазақпарат.

«Түрксіб ауданында екі нысан: «Жұлдыз» шағын ауданында спорттық алаңшасы бар жаяу жүргін жолы мен Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының Сейфуллин көшесінен Жансүгіров көшесіне дейінгі бөлігінде жаяу жүргін жолы қайта жаңғыртылады. Бұл жобалар жан-жақты келісілді. Енді жұмыс басталады», - деді әкім.

Оның айтуынша, аудан әкімі аппаратының веложолдар мен жаяу жүргін жолдарын көріктендіру бойынша эскиз жобаларын құзырлы органдар мақұлдаған. Негізгі жұмыс биыл қыркүйек айында аяқталуы тиіс.

Айта кетейік, оңтүстік астананы көркейту бойынша жаңа бағдарламаны даниялық архитектор Ян Гейл қолға алды. Қазір оның жобасы қаланың 8 ауданында жүзеге асырылып жатыр.

Похожие материалы