Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда қырғыз нөмірлі автокөліктерге тыйым салынуда

Алматыда қырғыз нөмірлі автокөліктерге тыйым салынуда

Алматы. 8 ақпан. 7kun.kz - Қазақстан аумағында Қырғызстанда тіркелген көліктердің уақытша жүруіне тыйым салынады. Бұл туралы Алматы мемлекеттік кіріс департаменті мәлімдеме жасады.

Қырғыз Республикасында тіркелген автокөліктер елімізде көбейіп кетті. Сондықтан Алматы ішкі істер департаменті мен мемлекеттік кіріс департаменті және қалалық прокуратура бірігіп, Қазақстан аумағындағы Қырғызстанда тіркелген көлік иелерін анықтау үшін рейд жүргізуді жоспарлап отыр. Ол азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көліктері уақытша сақтау қоймасына тапсырылады.

Мекеме түсіндіріп өткендей, сот шешімі заңды күшіне енгеннен бастап, азаматтарды әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартады. Ал автокөліктер кедендік декларацияға тиесілі болғандықтан «ҚР кедендік ісі» Кодексіне сәйкес қайтарылады. Бірақ толық құқыққа ие болғаннан кейін және кедендік ақы төленгеннен соң ғана беріледі.

Бұған дейін, жедел алдын-алу шараларының нәтижесінде қырғыз нөмірімен 306 автокөлік ұсталып, иелері  жауапкершілікке тартылған. Уақытша сақтау қоймаларына жіберілген 44 автокөліктің жетеуі сот үкімі бойынша мемлекеттік кіріске тәркіленген.

Похожие материалы