Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда Қысқы Универсиаданың ресми тикет-офисі ашылды

Алматыда Қысқы Универсиаданың ресми тикет-офисі ашылды
Алматы. 3 желтоқсан. 7kun.kz - «Mega Alma-Ata» ойын-сауық кешенінде 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың ресми тикет-офисі ашылды. Оның ерекшелігі -мұнда әлеуметтік қорғалмаған азаматтарға билеттер сату жүзеге асырылады деп хабарлайды Қысқы Универсиадаға дайындық және өткізу бойынша дирекцияның баспасөз қызметі.  Бұл жерде билеттерді ауыстыруға, қайта өткізуге, шот-фактура алуға, ақшасыз төлемдерді жүзеге асыруға болады.  2017 жылғы қысқы Универсиаданы ұйымдастыру мен өткізу дирекциясы директорының айтуынша, осындай әмбебап тикет-офистің болуы аса маңызды. Қазіргі уақытта, Универсиаданың барлық сайыстарына билеттер сатылуда. Сондай-ақ, кейбір спорт түрлерінің жартылай және финалдық билеттері сатылымда. Алматы қаласы бойынша  (Б. Шолақ спорт сарайы, Республика сарайы, Мемлекеттік цирк, «Меломан») және Астана қаласы бойынша («Хан Шатыр», «Меломан» «Керуен», «Мечта», «My Town»). Бұдан бөлек билеттерді онлайн сатылым арқылы Универсиаданың ресми www.almaty2017.com сайтынан,  Kassir.kz, Ticketon.kz, Bilet.meloman.kz, Biletiastana.kz және Koncertyastany.kz арқылы алуға болады. Билеттер сату бойынша біріңғай call-ортылықтың телефоны: +7 /727/ 346-6-346.

Похожие материалы