Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда жалақысы 20 мың теңгеден төмен жұмысшылар көп

Алматыда жалақысы 20 мың теңгеден төмен жұмысшылар көп

Алматы. 18 қазан. 7kun.kz – Қазақстанда 45 мың теңгеге дейін жалақы алатын қызметкерлердің басым бөлігі Шымкентті қоса алғанда, Түркістан облысында шоғырланған.

Статистика комитетінің мәліметінше, 2018 жылы өңірде 327 мың жалдамалы қызметкерлердің 57,9 мыңы осындай табыс алады. Төмен табысы бар қызметкерлердің саны Алматы облысында – 156,3 мың қызметкердің 24,9 мың адамы, Батыс Қазақстан облысы – 126,1 мың жалдамалы қызметкерлердің 18,1 мың адамы, Алматы қаласында – 329,2 мың жалдамалы қызметкерлердің 16,6 мың адамы және Қарағанды облысы – 175,4 мың жалдамалы қызметкерлердің 16,3 мың адамы .

Жалпы Қазақстанда 2,3 млн жалдамалы қызметкерлердің 259,1 мыңы 45 мың теңгеден аз табыс табады. Сонымен қатар, 119 адам 20 мың теңгеден аз алады. Соңғыларының ішінде осындай қызметкерлердің көбі Алматыда (23 адам), Түркістан облысында (22 адам) және Қарағанды облысында (20 адам).

Ал, еңбекақы мөлшері 390 мың теңгеден жоғары адамдар саны бойынша Алматы (38,2 мың адам) және Астана (24,1 мың адам) көш бастап тұр. Маңғыстау (20 мың адам) және Атырау (18,5 мың адам) аймақтарының саны айтарлықтай. Басқа өңірлерде осындай жоғары табыстың өкілдері 10 мың адамнан аз.

Похожие материалы