Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда жалған ақша жасаушылар ұсталды

Алматыда жалған ақша жасаушылар ұсталды

Алматы. 7 қазан. 7kun.kz - Алматы қаласының Экономикалық тергеу басқармасы 500 және 5000 теңгелік жалған ақша жасап, сатумен айналысқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық істі аяқтап, сотқа жолдады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жалған банкноттарды дайындайтын цехты бұрын сотталған үш азамат ашқан. Олар қыркүйек айында ұсталған.

«Қылмыстық топтың тұрғылықты жері бойынша ноутбуктар, түрлі-түсті принтерлер, еріткіштер, ультракүлгін жарық беретін лампалар, ламинатор, 500 және 5 000 теңге номиналы купюралардың су белгісінің бедерлері бар клише, су белгісін қысуға арналған білік пресс, бояулы флакондар, жадында екі жағынан да купюралардың суреттері (дайындамалары) бар флеш-тасығыштар, сондай-ақ 308 мың теңге сомасындағы жалған купюралар табылды» - делінген хабарламада.

ҚР Қылмыстық кодексінің 231-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталып, сотқа жіберілген.

Похожие материалы