Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда жарықтың неліктен сөнгені белгілі болды

Алматыда жарықтың неліктен сөнгені белгілі болды

Алматы. 15 шілде. 7kun.kz – Бүгін 14:14-де «Алматыэнергосбыт» АҚ ЖЭС-2 стансасының қайнар көзінде ақау болды. Алматы қалалық Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы тұтас қаланың жарықсыз қалуының себебін түсіндірді.

«Қазіргі таңда ЖЭС-2 нысанында КЛ-220 кВ бойынша жарық берілді. Қаланы қоршаған сыртқы шеңбер бойынша KEGOC 220 кв желісінде қаланы электр желісіне қосу процесі жүріп жатыр. Бұл нысанды қайта қосуға 1-1,5 сағат уақыт кетеді. Қаланың барлық аудандары кешкі сағат 17:00-де электр энергиясына толық қосылатын болады», - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда қаладағы барлық бағдаршамдардың жұмысы реттелді. Көшелердегі жол қозғалысын реттеуге 400-ден астам жол-партульдік полиция қызметкері шықты. Арнайы жұмыс тобы апаттың себебін анықтап жатыр. Мегаполистегі жағдай бақылауда.


Похожие материалы