Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда жер сілкінісі сезілді

Алматыда жер сілкінісі сезілді

Алматы. 28 сәуір. 7kun.kz - Бүгін сағат 11.01 шамасында Алматыда жер сілкінісі сезілді. ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының мәліметінше қаладағы сілкіну деңгейі  2 балл шамасында болған.

Зілзала ошағы Алматы қаласының оңтүстігінен 148 шақырым жерде Қырғызстан аумағында тіркелген.  Магнитудасы 5,7 балл. Адам шығыны мен қирау туралы ақпарат жоқ. Бұл туралы Қырғызстандық жер сілкінісін зерттеу ұйымдары мен БАҚ-да ешқандай ақпарат жоқ.

Бүгін Қырғызстан аумағында осымен екінші рет жер сілкінген. Әлемдегі жер сілкінісін онлайн бақылайтын zeml.info/online сайтының мәліметінше бүгін таңғы 05:01 шамасында 4.7 баллдық дүмпу Қырғызстан аумағында сезілген.

Похожие материалы