Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда жол жүру билеттері қалпына келтіріледі

Алматыда жол жүру билеттері қалпына келтіріледі

Алматы. 26 қаңтар. 7kun.kz - "Оңай" жүйесінің аясында көптеген тұрғындар наразылықтарын білдіріп келеді. Осыған байланысты қала әкімі жол жүру билеттері қайта қалпына келтіріледі деп мәлімдеді. Бұл жөнінде Бауыржан Байбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында жеткізді.

"Біз күн сайын мониторинг жүргізіп отырамыз. Көпшілігі жол жүру билеттерін алып тасталғанына наразы. Нарық көлемін анықтау үшін бізге уақыт керек болған еді. Осыған дейін ол көлемді білу мүмкін емес болатын. Бүгінде қарап отырсақ, нарық көлемі шамамен 19-20 миллиард теңгені құрайды. Яғни, 6-7 миллиард теңге осыған дейін басқа қалтаға түсіп отырған. Ойлана келе, ертең маслихатта депуттаттар қолдаса, жол жүру билетін қалпына келтіретін боламыз", - дейді Байбек.

"Жеті жасқа дейінгі балалар тегін жүреді, мектеп жасындағыларға - 1000 теңге, зейнеткерлерге - 2000 теңге. Студенттер үшін 3000 теңге тұратын болады. Ал, 1-2 топтағы мүгедектерге, ҰОС қатысушылары мен соларға теңестірілгендерге жол жүру тегін. Осыған дейін көп балалы аналарға жеңілдіктер жасалмайтын. Ендігі жерде олар үшін жол жүру билеті 2000 теңге тұратын болады. Осы мәселені ертең депуттарға жолдаймыз. Қабылданып жатса, наурыздан бастап жол жүру билеті қалпына келтіріледі", - дейді әкім.

Похожие материалы