Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда жүріп-тұруға рұқсат беретін жаңа портал іске қосылады

Алматыда жүріп-тұруға рұқсат беретін жаңа  портал іске қосылады

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн-брифингте шаһар басшысының бірінші орынбасары Сапарбек Тұяқбаев мәлімдеді, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Бұдан былай ТЖ режимі кезінде Алматыда жүріп-тұру рұқсаты портал арқылы берілмек. Бұл сайт 14 сәуірде іске қосылады.

«Жедел штабтың шешімімен қаладағы бірқатар кәсіпорындарға жұмыс істеуге рұқсат берілді. Бұл кәсіпкерлердің жүріп-тұруына рұқсат өткен айда берілді. Сондай-ақ қаланың қалыпты тіршілігін қамтамасыз етуге қатысы бар тұлғалардың деректер базасы құрылды. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, кейбір кәсіпкерлер мүмкіндікті пайдаланып, өз кәсіпорындарының тізіміне кейбір автомобильдер мен осы жұмысқа мүлдем қатысы жоқ адамдарды енгізген. Сондықтан ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында біз жаңа портал әзірледік», — деді С. Тұяқбаев.

Бұл ретте аталған сайт кәсіпорын қызметінің рұқсат етілмеген түрлерін анықтап отыруға септігін тигізбек.

«Мәселен бір кәсіпорында 50 адам жұмыс істейді делік. Ендеше портал бұл мекемеден 50-ден астам адамды қабылдамайды. Өтінім мекеменің бірінші басшысының ЭЦҚ-сы арқылы қабылданады. Бұл оған жеке жауапкершілік жүктейді. Жалған ақпарат берген жағдайда жауапқа бірінші басшы тартылады», — деді Сапарбек Тұяқбаев.

Айта кету керек, бұл портал infoalmaty.kz мекен-жайы бойынша қолжетімді болмақ. Сіздің қалада жүріп-тұруға рұқсатыңыздың бар-жоғын білу үшін ЖСН-ді енгізу керек. Ал кәсіпорындар үшін БСН-ді енгізсе жеткілікті.

Похожие материалы