Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда "Журналистер аллеясы" ашылды

Алматыда "Журналистер аллеясы" ашылды

Алматы. 09 тамыз. 7kun.kz — Бүгін "Атакент" саябағы аумағында "Журналистер аллеясының" салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға "Атакент" достар клубы" қоғамдық бірлестігі бастамашы болды.

30-дан аса журналист қатысқан шарада 67 түп алма ағашы отырғызылды.

"Алма ағашы - оңтүстік астананың символы, сондықтан ол кездейсоқ таңдалмады. Аталған іс-шара "Атакент" аумағын жаңғырту және экологиялық жағдайды қалпына келтіру жоспарына кіреді. Алма ағаштарының әрқайсының иесі болады - оны отырғызған БАҚ өкілдері", - деді "Атакент" достар клубы" ҚБ президенті Бауыржан Баякешов.

Баякешовтың айтуынша, Атакент аумағында 9600-ден аса ағаш бар. Олардың саны жылдан-жылға көбейеді. Болашақта ағаш отырғызумен ғана шектелмей, адамдардың серуендеуі үшін арнайы жолдар салып, шамдар орнату жоспарда бар.

Ал жаңа аллеяға ағаш отырғызған барлық БАҚ-ның толық тізімі тақтайшаларға жазылып, бір аптадан кейін орнатылады. Оған дейін нөмірлермен тіркеледі.

«Менің ойымша, бұл («Атакент» саябағы аймағында Конгресс-орталықтың құрылысына қарсы компания) бизнестің, БАҚ пен азаматтық қоғамның ең тиімді ұжымдық әрекеті болуы мүмкін. Мұны түпкілікті жеңіс деп айтуға болмайды, бірақ, бәріміз бірге бос жер деп саналған аумаққа өмір сыйладық, мүмкін бұл аралық жеңіс шығар. Менің ойымша, біз осы аллеяға және де тағы да басқа аллеяларға ағаш отырғызсақ, онда бұл аумаққа қол сұғу және қандай да бірнәрсе салу әлдеқайда қиын болады" , - деді қазақстандық журналист Вадим Борейко.

Айта кетейік, бұл аллея - БАҚ өкілдеріне арналған Алматыдағы жалғыз жасыл аймақ.

Сондай-ақ, іс-шара аясында қала жағдайында фермерлік өнім өндіретін, сондай-ақ қалалықтарды фермерлікке, гидропондық технология мен омарташылыққа үйрететін ATAKENT аумағында алғашқы үлгілі-көрсеткіш фермасын құру бойынша жоспар таныстырылды. Қалалық ферма аумағында Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары ауылшаруашылық өнімдерін сатып алуға, түрлі мастер-класстар өткізуге, ашық ауада демалуға және тіпті осы мекемеде жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Ферманың негізін қалаушы - Ирина Проференко, агробизнестегі маркетинг жөніндегі тәуелсіз маман, Almaty Urban Farm Festival қалалық фермер фестивалінің негізін қалаушы және ұйымдастырушысы.

Похожие материалы