Экономика
Алматыда жылу трассалары күрделі жөндеуден өтеді
Алматы тұтынушыларын жылу және ыстық сумен қамтамасыз ететін 17 км магистралды және бөлу құбырлары күздің басына қарай толығымен қайта құрылатын болады, деп хабарлайдыBNews.kz. Бұл туралы әкімдіктегі отырыста 2015-2016 жж. жылу маусымына даярлық жөніндегі штаб мәлімдеді.
Күзгі-қысқы кезең алдындағы қала нысандарының жағдайы үшін жауапты энергокәсіпорындар басшыларының мәліметінше, қазіргі таңда барлық бағыттар бойынша дайындық жұмыстары толығымен жүріп жатыр.
Бүгінгі күні жылу көздері (қазандықтар) 40%-ға, инженерлік желілер 45%-ға, тұрғын үйлер 33%-ға, білім беру нысандары 54%-ға, денсаулық сақтау нысандары 61%-ға пайдалануға дайын.
Бұнымен қатар тағы екі айға жалғасатын дайындық науқаны барысында ЖЭС қуат көздеріндегі қазандық агрегаттарының 71 энергоблогы мен 72 қазандықты жөндеу жоспарланып отыр.