Алматы. 3 сәуір. 7kun.kz – Алматы әкімдігі 2018-2019 жылдардағы жылыту маусымын 2019 жылдың 4 сәуірінде аяқтау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы «Алматы жылу желілері» ЖШС хабарлайды.
«Алматы қаласында бес күнтізбелік күн ішінде гирдометеорологиялық қызмет тіркеген сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы сегіз градустан астам және одан да жоғары болуына байланысты, қала әкімдігі 2019 жылғы 4 сәуірде 2018-2019 жылдардағы жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылдады», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, ведомствода «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 11-тармағының негізінде үйлері жылу есептегіш құралдармен жабдықталмаған жылу энергиясын тұтынушыларға өткен жылыту маусымына қайта есептеу және артық төлемді 1 шілдеден кешіктірмей қайтару жүргізіледі.