Алматы. 11 қараша. 7kun.kz – Алматыда ел аузында «барахолка» аталып кеткен базарларының бірінен өрт шықты. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сағат 10:56-да Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары Жетісу ауданындағы 7 Б мекенжайына өрт сөндіруге жеткен. Олар өрт орнына 8 минутта жеткеніне қарамастан, жалынның бетін қайтару қиынға соғуда.
«Өртсөндірушілер барғанда контейнер жанып, айнала қою түтін болған. Күштер мен құралдар дереу өртті сөндіруге кірісті, өрт саптамаларын, газ және түтіннен қорғау қондырғыларын әкелді. Қызмет адамдардың бар-жоғына барлау жүргізді. Жағдай бейнебақылау камералары арқылы бақылауға алынды», – делінген хабарламада.
Өрт сөндіру жұмыстары әлі жалғасуда.