Алматы. 8 маусым. 7kun.kz – Ғалымдар тоғайдағы мониторинг нәтижелерімен таныстырды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Баум тоғайында барлығы 104 мыңға жуық ағаш бар. Оның 3311-і апатты және қураған, еңісі 30 градустан жоғары ағаштар. Бұл орман алқабының шамамен 3,1% құрайды.
"Бұл табиғи процесс. Табиғи ормандарда орта есеппен 10 жылда барлық ағаштардың шамамен 5-10%-ы өледі. Бірақ бұл жерде жасанды жағдайлар мамандардың араласуын талап етеді. Мысалы, апатты ағаштар саңырауқұлақ ауруымен зақымдалып, жақын арада кесілмейтін болса, онда 10 жыл ішінде бүкіл тоғайдан айырылып қалуымыз мүмкін», – деді академик Бұлқайыр Мәмбетов.
37 187 ағаш қалпына келтіру және өңдеу жұмыстарын қажет етеді. Оларға шамалы зақымдалған плантациялар жатады.
Зиянкестер мен ауруларының таралуын болдырмау үшін ағымдағы жылы санитарлық-сауықтыру шараларын өткізу, оның ішінде қураған, апатты ағаштарды тазалау, қураған бұтақтарды кесу жоспарлануда. 2022 жылы Санитарлық кесуге 500 түп ағаш жоспарланған. Олардың орнына жаңа ағаштар отырғызылады.