Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыдағы метро құрылысына бюджеттен 55 млрд теңге бөлінеді

Алматыдағы метро құрылысына бюджеттен 55 млрд теңге бөлінеді

Алматы. 04 желтоқсан. 7kun.kz — 2020-2022 жылдары Алматы метросы үшін 55 млрд теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланып отыр.

Үкіметтің "2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" жобасына сәйкес, Алматы қалалық рельстік көліктің дамуын қамтамасыз етуге 55,7 млрд теңге бағытталады. Оның ішінде 2020 жылы – 35,1 млрд теңге, 2021 жылы – 10 млрд теңге, 2022 жылы – 10,6 млрд теңге.

Сонымен бірге, метро құрылысына заңды тұлғалардың жарғылық капиталын ұлғайтуға 37 миллиард теңге бөлінеді. Оның ішінде 2020 жылы – 16,4 млрд теңге, ал 2021 жылы – 10 млрд теңге. Қалған 18,7 млрд теңге 2020 жылы электр пойыздарын сатып алуға бағытталады.

Похожие материалы