
Желіде «Қайрат» ықшамауданы Сарыарқа көшесіндегі қоқыс үйінділерінің бірінен банктің құжаттары табылған фотосуреттер пайда болды, деп хабарлайды 7kun.kz.
"Тасталынған қоқыс. Halyk Bank, BAZIS-A құжаттары, кеңсе тауарлары. Оларды кез келген жерге лақтыруға болмайды. Олар жойылуы тиіс", − делінген kris.p.almaty.official жарияланымында.
Жазбаға Түрксіб ауданының әкімдігі жауап беріп, ескертулердің ауданның коммуналдық қызметтерінің күші арқылы жойылғанын айтты.