Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыдан 360 км қашықтықта жер сілкінісі болды

Алматыдан 360 км қашықтықта жер сілкінісі болды

Қазақстанда тағы бір жер сілкінісі болды. Жер асты соққысының эпицентрі Алматыдан 360 км қашықтықта солтүстіктен-шығысқа қарай байқалды.

Жер сілкінісі 24 наурыз күні сағат Астана уақыты бойынша 15.05-те орын алды. Жер асты дүмпуінің энергетикалық класы - 8,5, магнитуда - 3,9, тереңдігі - 10 км.

Естеріңізге сала кетсек, 15 наурыз күні жергілік уақыт бойынша 20.01-де 6,3 магнитудалық жер сілкінісі Алматыдан 28 км қашықтықта, оңтүстік-батысқа қарай байқалған еді. Оңтүстік астанада жер асты соққыларының күші 4-5 балл болды.

Похожие материалы