Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыдан республикалық бюджетке 645,2 млрд теңге салық түсті

Алматыдан республикалық бюджетке 645,2 млрд теңге салық түсті

Алматы. 18 шілде. 7kun.kz -  2016 жылы өңірлік жалпы өнім 2,6 пайызды (10,3 трлн) құрады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

2017 жылдың 6 айы ішінде экономиканың барлық салаларында өсім байқалды.Бөлшек сауда 6,8 пайызға, көтерме сауда 0,7 пайызға, өнеркәсіп 4,7 пайызға, құрылыс 0,7 пайызға, байланыс 4,9 пайызға, ауылшаруашылығы 62,8 пайызға артқан. Тұрғын үй салу 15,6 пайызға, инвестиция көлемі 235,7 млрд теңгеге өсіп, 12,2 пайызға ұлғайған. Ал инфляция  3,6 пайызды құрады.

Қалада жұмыс істейтін ШОБ субьектілерінің саны 171,5 мың және олардың қатары 2016 жылмен салыстырғанда 5 пайызға өскен. Алматыдан Республикалық бюджетке 645,2 млрд теңге салық түскен. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9 пайызға (51,1 млрд. теңге) көп. Жергілікті бюджетке  184,2 млрд теңге салық құйылған, 9 пайызға (15,2 млрд. теңге) көп. Тұрақтылық жағдайында қалада жыл аяғына дейін өсім деңгейі артады деп жоспарланып отыр.

2017 жылғы қала бюджеті  542,4 млрд теңгені құрайды. Өткен жылы үнемдеудің арқасында жергілікті  бюджет  33 млрд теңгеге немесе 50 пайызға артты. 2016 жылмен салыстырғанда жолдарды жөндеу мен құрылыс салуға 2,8 есе, ал инженерлік желілерге 1,9 есе, абаттандыруға 2,7 есе көп ақша бөлінген.

Похожие материалы