Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Алматыэлектротранс» бас директоры қамауға алынды

«Алматыэлектротранс» бас директоры қамауға алынды

Алматы. 10 қазан. 7kun.kz – «Алматыэлектротранс» ЖШС бас директоры Бекмырза Игенбердинов қамауға алынды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

«Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысымен Бекмырза Игенбердиновке 2 ай қамаумен ұстау түріндегі бұлтарпау шарасы тағайындалды», – делінген хабарламада.

Ол 160 мың доллар пара алды деп күдікке ілінді. Игенбердинов 30 қарашаға дейін қамауда болады.

Похожие материалы