Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыға ЛРТ керек – Досаев

Алматыға ЛРТ керек – Досаев

Алматы. 7 шілде. 7kun.kz Алматыда ЛРТ жобасы жайлы нақты шешім қазанға дейін қабылданады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Алматыға ЛРТ керек деп ойлаймын. Өздеріңіз білесіздер, Төле би көшесінде алдында салынған трамвай жолдары бар. Орны қалды, дамытуға мүмкіншілік бар. ЛРТ-ға қатысты шешімді қазанның басына дейін қабылдаймыз», – қала әкімі.

Ал ЛРТ құрылысына қанша қаржы қажет деген сұраққа  Досаев «мүмкіншілігімізге қараймыз» деп жауап берді.

Айта кетейік, жақында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордадағы ЛРТ құрылысы соңына дейін аяқталатынын, бірақ алдымен жоба оңтайландырылатынын айтты.

Похожие материалы