Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматылық салық төлеушілерден түскен түсім 4,5%-ға артты

Алматылық салық төлеушілерден түскен түсім 4,5%-ға артты

2014 жылы Алматы қаласынан Қазақстанның мемлекеттік бюджетіне салықтар, кедендік және өзге міндетті төлемдер негізінде түскен түсім көлемі 1,429 трлн теңге болды, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 4,5%-ға артық деп хабарлайды Алматы әкімінің баспасөз қызметі.

Жергілікті бюджет түсімі - 307,8 млрд теңге.

2014 жылы мегаполистегі өнерксіптік өнім өндірісінің көлемі 649,1 млрд теңгені қамтыды, бұл 2013 жылдың деңгейінен 2,1%-ға артық. Өңдеуші өнеркәсіпте 480,4 млрд теңгеге өнім шығарылған екен. Азық-түлік өнімдерінің өндірісінде (7,1%), ет (14,2%), күнбағыс майы (25,7), кондитерлік бұйымдар (26,1), қағаз өнімі (2,4%) өндірістерінде, металлургия өнеркәсібінде (23,5%), жеңіл өнеркәсіпте (22,7%) өсім байқалады.

Есептік кезеңдегі қаладағы бөлшек сауда айналымының көлемі 9,3%-ға, 1,613  трлн теңгеге дейін өсті. Көтерме сауда айнылымы 6,1% артып, 7,527 трлн теңге болды. Құрылыс жұмыстарының көлемі 11,7%-ға өсті де 268,2 млрд теңгені қамтыды. 2014 жылы мегаполисте 1331 мың шаршы метр пайдалануға берілді, бұл 2013 жығы көрсеткіштен 14,5% жоғары.

Похожие материалы