Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматылықтар қайдан киінеді?

Алматылықтар қайдан киінеді?

Қазақстанның басқа аймағындағы тұрғындар сәннің соңғы үлгілерін  Алматыдан іздейді. Көпшілігі осы қалаға келіп киім сатып алғанды жөн көреді. Ал алматылықтардың өздері қайдан киінеді? Қала тұрғындары үшін тиімді баға қайда? 7kun.kz тілшілері Алматылықтар киінетін базарлар мен сауда орындарын сараптап шықты.

Біз әлеуметтік желілер арқылы 1000 алматылыққа сауалхат жіберіп, қайдан киінетінін сұраған едік.

Барахолка мен базарлардан киінеді

«Астанаға жолы түсетіндер «Бәйтерекке»,  Алматыға келгендер «Барахолкаға» барады» деген рас болып шықты.  671 адам әйгілі барахолкадан, сонымен қатар базарлардан киінетінін айтты. 7kun.kz тілшілері базарларды зерттегенде байқалғаны мұндағы халық үшін ең қолайлы нәрсе бағаның арзандығы. Киіміңіздің сапасы бір маусымнан аспауы мүмкін, бірақ, жарқырап, жалтыратпаса да жалаңаш қалдырмайды.

Базар дегенде киім үшін халықтың жиі баратын жері –барахолка. Барахолка бірнеше базардан тұрады. Ең арзаны  «Болашақ»  және «Құлагер». Мұнда негізінен бішкек пен қытай тауарлары сатылады.  Арасында түркиялық киімдер бутигі де кездесіп қалады.  Қалтаңызда 15 мың теңге болса, сапасы бір маусымдық киім алып шығасыз.

12243891_564113343741444_503213521_n

Сапасы сәл жақсырағын іздесеңіз «Еуразия» базарына барсаңыз болады. Бірақ бұл жерде баға сәл  жоғары. Мысалы: «Құлагер» мен «Болашақтағы кейбір тауарды бұл жерден 3000-5000 теңгеге қымбатырақ кездестіресіз. Бірақ мұнда негізінен түркиялық, қытайдың сапалырағын алуға болады. Бұл жердің артықшылығы таңдауға мүмкіндік бар.  Байқағанымыз  жоғарыдағы тізім бойынша киіну үшін қалтаңызда 35 000-50 000 теңгеңіз болуы керек.

Соңғы уақыттарда көпшілік жұрт «Қырғыз базары» деп аталып кеткен базарға да жиі бас сұғады.  Аты айтып тұрғандай мұнда көрші қырғыз ағайынның қолынан шыққан тауарлар сатылады. Сапасы аса сын көтере қоймас, бірақ қалтаңыз көтерері анық. Баға «Құлагер» мен «Болашақпен» шамалас.

Барахолка базарларының артықшылығы бағасы болса, кемшілігі қыста суық, жазда ыстық. Аралау өз алдына, таңдаған киіміңізді киіп көру әуренің бірі. Суықта темір контейнердің ішінде таңдаған жейдеңізді киіп көріңіз. Өлшеп көрмесеңіз, үйге барғанда екі өлшем үлкен болып тұруы әбден мүмкін. Әрі мұнда қалта ұрысының болмайтындығына ешкім кепілдік бермейді. Сатып алған тауарыңыз үйге барған соң жыртық немесе сіз таңдамаған болып шықса оған да таңданбаңыз. Төлем чегі тағы берілмейді. Түркиялық тауар деп сатып алғаныңыз, қолдан этикетка жапсырылған қытайдың тауары болып шығуы әбден мүмкін. Сапасы сын көтермейтін болып шықса, кері қайтару қиындау. Өйткені чек берілмеген жерде, жүйкеңіздің қалыңдығымен, түріңіздің сұстылығымен ғана ақшаңызды кері қайтарып ала-аласыз. Ығы-жығы адамның арасында, «тачка-тачка», «пакет аламыз», «самса-пирожки»  деп жүгіріп жүргендердің арасында сауда жасау қолайсыздау да. Амал жоқ, қалтаның таяздығынан көпшілік барахолкаға қарай тартады. Бірақ, соңғы жылдардағы өрт пен бағасы төмен, сапа жақсы сауда орындарының көбеюі барахолканың сәнін кетіргендей. Өртеніп кетуге дайын тұратын базарларды балшық кешіп аралағаннан гөрі, сырт киімін өткізіп қойып, сапасына кепілдік беретін еуропалық брендтерді алуды лайық көретін алматылықтар көбейіп келеді.

Барахолка тек «Еуразия», «Құлагер», «Болашақпен» шектеліп қалмайды. Мұнда  Олжа, Еуропа, Жетісу, Ялян, Жеңіс, Байсат базарлары бар. Киім-кешекпен бірге тұрмыстық тауарлар, электро бұйымдар, үй жабдықтары, автокөлік пен құрылысқа қажетті заттардың түр-түрін табуға болады.  Бұл маңда  «Адем» сауда орталығы да орналасқандықтан көпшілік оны да барахолканың қатарына қосады.

Көк базардан Алтын ордаға дейін

Көк базар мен Алтын ордаға киім барахолкадан жеткізілетінін ескерсек, сауда жасау мен баға, сапаның сыры түсінікті. Көк базарда баға барахолка базарларына қарағанда 2-3 есе қымбаттау болып келеді.

Снимок

«Алтын ордадан» көбіне қырғыз өнімдерін кездестіруге болады. Баға барахолкамен ұқсас. Кейбір тауарлар арзан да болады. Екі базардың киім қатарлары шағын болғандықтан іздегеніңізді тез табуға болады. Алайда киім түрлері көп деп ойлап қалмаңыз. Бұл екі базардағы сауда жасауға арналған жағдайсыздық барахолкамен ұқсас. Мұнда да сирек болса да қалта ұрыларын, ығы-жығы адам мен қыстағы суық, жаздағы ыстық саудаңыздың берекесін кетіруі мүмкін.  Әрі Алтын орда маңындағы күні бойы бітпейтін кептеліс кемінде 2 сағат уақытыңызды алады.  Өзіңіз базардан шаршап шығып, тағы 2 сағат жолда кептелісте тұрсаңыз, саудаңыздың сәтті болғанын білдіре қоймайды.

Алматыдағы ең қымбат киім базарлары

Таңдауға мүмкіндік, сапаға кепілдік беретін базарлар ретінде алматылықтар  «Қарқара», «Тиграхаудты» айтады. Бірақ, бұл екеуінде баға «Адеммен» салыстырғанда 5-6 есе қымбат.

Снимок

Алматылықтар үшін «Адем» қолайлы еді

Алматылықтар үшін баға мен сауда кезіндегі қолайлық жағынан тиімдісі «Адем» сауда орталығы еді. Жазда өртеніп кеткен кезде біраз алматылықтың  қынжылып қалғаны рас. Сауда орталығының 25 000 м 2 аумағы өртке оранды. Жөндеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Қашан іске қосылатыны әзірге белгісіз. Мұнда негізінен Түркияның киімдерін,  аяқ киім мен аксессуарларды кездестіруге болатын еді. Арасында Қытай мен Қырғыз, ішінара отандық киімдер де бар. Мұндағы баға «Құлагер» мен «Болашақтан»  шамамен 4, «Еуразия» базарынан 2 есе қымбат. Киім бағасын салыстырып көрейік.

22222

Бұл жердің артықшылығы, жабық сауда орталығы болғандықтан, суық немесе ыстық емес. Таңдау үлкен. Тауардың сапасы төмендеуін де, орташасын да, ең жақсысын да кездестіруге болады. Ірі сауда орталықтарынан айырмашылығы – қалтаңызға қарай саудаласа аласыз. Талап етсеңіз чек береді. Кемшілігі – киім ілетін орындардың жоқтығы.

Алматылық базарлардың жайы осындай. Бір сөзбен айтқанда бағаның арзандығы болмаса... Бірақ, алматылықтардың басым бөлігі үшін баға маңыздырақ. Сондықтан, киім таңдап жүргенде өрт басталып кету қауіпі барын білсе де  барахолка мен жоғарыдағы базарлардан киінуге мәжбүр.

Сауда үйлерінен киінетіндер көбейіп келеді

Біз сауалхат жолдаған алматылықтардың 269-ы тек қана сауда үйінен киінеміз деп жауап берді.  Алматыда соңғы жылдары  сауда орталықтары көбейді. Бүгінде қалада ірі 40-тан аса сауда үйі бар. Бұлардан бөлек  өз жеке  киім дүкендері де жиі ашылуда.

м

Прайм Плаза. Ойын-сауық орталығының жалпы алаңы – 35 000 м2. Орталық әкімшілігі жылына алты рет жеңілдіктер үшін промоакциялар өткізіп тұрады. 20 бутик бар. Олардың 9-ы киімдер мен акссесуарлар бутигі. Алайда танымал брендтер мұнда жоқ. Күніне 7-8 мыңға жуық адам келеді. Жеңілдіктерді әр жалға алушылар өздері тағайындайды. Прайм плазадағы ең арзан қолжетімді бутик - LCWaikiki. Бұл жерден джинсы шалбарды 3490-6990 теңге аралығында сатып алуға болады.

etam_0Mega-centre, Mega Park. Алматы қаласының ең адам көп баратын жері. Жұмыс күндері орталыққа 10 000-12000 адам келіп кетеді. Ал демалыс күндері бұл сан екі еселенеді. Орталық алаңы - 85 629 м². Орталықта жалпы 329 дүкен жұмыс істейді. Киім сататын 85 бутик және аяқ киімге арналған 35 бутик бар. Мысалы Monsoon, Nike, Zara секілді кішігірім брендтер өз тауарларын халыққа ұсынып отыр. Сондай-ақ, бағалары қалтаңыз көтере алатын қолжетімді, бутиктер бар. Бағасы орташа бутиктерден 15000 теңгеге кемінде бір кофта, өзіңізге қажетті бижутерия және джинсы шалбар ала аласыз. Егер қаржыңыз көп болса 35 мыңның да шалбарын табуға болады.

6_rr_855x427_1Esentai Mall. Алматы қаласындағы «люкс» және «премиум» санатына жататын ең қымбат жерлердің бірі. Осыдан бір жыл бұрын ішінде бағасы қолжетімді бутиктер болған еді. Осы жылы ол бутиктер жабылып, ішіне толықтай өзгерістер енгізілді. Ішіндегі бутиктері әлемге әйгілі брендтерден тұрады. Esentai Mall жалпы ауданы 300,000 шаршы метрден астам Есентай Парк көп функциалы кешенінің ең жанданған бөлігі болып табылады.  Көлік тұрақтары ақылы. Қызмет көрсету құны – 1000 теңге. 700 көлікке арналған жер асты тұрағы және 500 ашық паркинг бар. Дүкендер мен мейрамхана, кафелердің жалпы саны – 160. 40-қа жуық бутик киім және аяқ киімге арналған. Бұл жерде ең танымал брендтер бар деуге болады. Атына қарай заты да арзан емес. Мысалы бір ғана джинсы шалбар DOLCE & GABBANA бренд дүкенінде 44500 тг тұрады. Ал ең арзан туфлиды 18 600 теңгеге сатып аласыз. Сондықтан ол жерге көбіне «жоғары қоғам» өкілдері барады деген түсінік қалыптасқан.

205_trts-maksima-maxima-v-almaty-tMaxima. Ішіндегі киім бутиктерінің барлығы қолжетімді бағаларды ұсынатын бірден бір тиімді сауда орталығы. Maxima 3 қабаттан тұрады. Жер асты және орталық алаңында көлік тұрақтарының саны – 670 көлікке арналған. Тұраққа өту үшін арнайы карта қолданылады және орталыққа келушілердің көпшілігі автокөлікпен кіру ыңғайсыз екенін айтады. Жалпы аумағы – 35 000 м2

Дүкендер саны – 102. Ал киім мен аяқ киімге арналған бутиктер саны – 36. Егер қалтаңызда 20 мың теңге болатын болса өзіңізге қажетті аксессуарлар мен кемінде екі кофта және шалбар сатып ала алысыз. Мұндағы киімдердің орташа бағасы 3000 – 10 000 теңге аралығында.

ChdQLFg6joAGlobus. Бұл орталықта барлығы 67 дүкен желісі бар. Олардың 32-сі киім мен аяқ киім дүкендері. Мұнда аяқ киімді тиімді бағамен сатып алғыңыз келсе «Kari» бутигіне баруға кеңес береміз. Globus-тағы бутиктерді басқа сауда орталықтарынан да кездестіруге болады. Сондықтан мұндағы бағалардың басқа орталықтағы бағалардан айырмашылығы жоқ.

1_Aport

Aport Mall. Aport  Алматы қаласындағы ең ірі моллдардың бірі. Жалпы көлемі – 80 000 м2 Аптасына 250 000 адам келіп кетеді. Орталықта барлығы 106 сауда желісі бар. 66 дүкен киім және аяқ киім сатумен айналысады. 1200 көлікке арналған көлік тұрағы бар. Бұл жерден Қытай, Түркия, Италья елдерінің өнімдерін кездестіруге болады. Алтын орда базарына жақын орналасқандықтан қарапайым халық жиі барады. Сондай-ақ, басқа сауда орталықтарындағы бренд дүкендер мұнда да болғандықтан аса баға айырмашылығы жоқ. Брендтердің бағалары басқа сауда орталығындағы бағалармен бірдей.

0_27110_8cfdf761_LСпутник. Орталықта 80-нен аса дүкендер желісі бар. 46 бутик киім мен аяқ киім сатып алуға арналған. Жалпы аумағы – 35 325 м2 .   Жер асты және алаңдағы көлік тұрақтарының саны 307. 80-нен аса дүкен желісі бар. 48 дүкен киім-кешекке арналған.

ммм

Арбат маңындағы сауда үйлері. Арбат маңында ірілі-ұсақты көптеген дүкендер бар. Оның ішінде, Заңғар (ЦУМ), Пассаж секілді үлкен сауда орталықтарын айтуға болады. Пассаж ішінде белгілі брендті киімдер көп емес. Бұл жағынан Silk Way City, Globus өте ұқсас келеді. Тамыз айында ғимарат өртенгеннен кейін мұнда қазір әлі де жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. ЦУМ ғимаратында ұялы телефондардан бөлек, киім бутиктері біршама. Бір бутиктің өзі үлкен көлемді алып жатыр. Бағалары барлығымен бірдей. Одан бөлек, Арбат маңында Kira Plastinina, Kimex, Cotton және т.б брендтердің дүкендері орналасқан. Жеке өздері бір дүкен болғандықтан, сауда орталықтарына қарағанда таңдау көбірек.

Дизайнерге тіктіріп, шетелден киінетіндер де бар

Біздің сауалнамаға қатысқан алматылықтардың 6-ы арнайы дизайнерлерге тіктіріп, шетелден киінеміз деді. Дизайнерлерге киім тіктіру мен шетелден киінудің құны қанша? Ол туралы алдағы шолуымызда толығырақ айтамыз. Саудаңыз сәтті болсын!

Фото:nur.kz

Маржан Нүсіпбек "7"

Похожие материалы