Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматылықтардың киім-кешекке қанша ақша жұмсайтындығы белгілі болды

Алматылықтардың киім-кешекке қанша ақша жұмсайтындығы белгілі болды

Nielsen  Kazakhstan компаниясы өткізген сауалнама мәліметтері бойынша табысы 100 мың теңге болатын алматылықтардың ірі сатып алуларының орташа чегі шамамен 30 мың теңге көлемінде.

Айына 100 мың теңге мен 175 мың теңге аралығында табыс табатын алматылықтар киім-кешекке 40 мың теңгеден артық ақша жұмсайды, 300 мың теңге табатындар жаңа киімге 60 мың теңге жұмсайды. Бұл ретте, үй шаруашысындағы әйелдер мен студенттер олардың орташа чектері 50 мың теңгеден асатындығын айтады.

Орташа есеппен алғанда ерлер костюмінің құны 33 000 теңге, шалбар мен джинсілер - 11 500 теңге, жейделер мен блузкалар - 7 000 теңге, туфли - 16 500 теңге, көйлектер - 17 000 теңге, юбкалар - 8 000 теңге, іш киім - 7 500 теңге.

Похожие материалы