Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматылықтардың түбіртегінде "Заңгерлік қызметтер" жолағы жойылады

Алматылықтардың түбіртегінде "Заңгерлік қызметтер" жолағы жойылады
Алматы. 2 тамыз. 7kun.kz - 2017 жылдың 1 тамызынан бастап ақпараттық есептеу орталығының (АЕО) коммуналдық қызметтер төлемі туралы түбіртегінен "Заңгерлік қызметтер" жолағы жойылады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бірнеше жыл болған сервис ҚР Ұлттық экономика министрлігі Алматы қалалық монополияларды реттеу, бәсекелестік пен тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің тексерісінен кейін тоқтатылды.
[caption id="attachment_75006" align="alignnone" width="494"] Фото: zakon.kz[/caption]
Айта кетейік, "Заңгерлік қызметтер" сервисі үшін айына 70 теңге алынады. Төлем өз еркімен жасалған. Ай сайынғы төлем арқылы азаматтар ПИК (пәтер иелерінің кооперативі) жұмысы бойынша тегін кеңес ала алатын. Қазіргі уақытта бұл қызмет уақытша тоқтатылды.
Еске салсақ, бұған дейін аталған комитет шешімімен АЕО квитанциясынан "Құтқару қызметі" сервисі алынып тасталған болатын.

Похожие материалы