Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматылық Татьяна Шевцова-Валоваға қатысты сот шешімі белгілі болды

Алматылық Татьяна Шевцова-Валоваға қатысты сот шешімі белгілі болды

Бүгін Алматы қаласындағы Алатау аудандық соты Татьяна Шевцова-Валоваға қатысты шешім шығарды. Оны 3 жылға сынақ мерзімімен 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды.

Еске салайық, 2014 жылдың көктемінде Алматы қаласының тұрғындары Татьяна Шевцова-Валованың үстінен ІІД-не шағым түсірген еді. Олардың сөзінше, алматылық азаматша әлеуметтік желілерде ұлтаралық жанжал тудыруға тырысқан. Бірнеше рет адамдарды ұлт айырмашылығы бойынша қорлайтын жазбалар жариялап отырған. Мемлекеттік құзырлы органдар оны республиканың Қылмыстық кодексінің 164 бабына сәйкес ұлтаралық жанжалды қоздырды деп айыптады.

Бірінші сот отырысы 12 қаңтарда өтті. Татьяна Шевцова-Валова бұл арандатуға қатысы жоқтығын мәлімдеді.

Ал 20 наурыз күні болған тыңдалымға куәгерлердің негізгі бөлігі қатысқан жоқ. Оларға сот процессінің аяқталуын сот залының сыртында күтіп отыруға тура келді.

Похожие материалы