Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматылық жас жігіт Марафон кезінде сүйіктісіне тосын сый жасады

Алматылық жас жігіт Марафон кезінде сүйіктісіне тосын сый жасады

Алматы. 23 сәуір. 7kun.kz - "Алматы Марафоны" кезінде тосын сыйлар да аз болған жоқ. Соның бірі көпшіліктің есінде ұзаққа қалатыны сөзсіз. 29 жастағы Еркебұлан есімді алматылық сүйіктісіне ұсыныс жасады.

Он шақырымдық жүгіруден кейінгі мәреге арналған сахнаға көтерілген жас жігіт сүйіктісіне тізерлеген күйі гүл мен сақина ұсынды. Сүйіктісі оның ұсынысын бірден қабылдады.

[embed]https://www.instagram.com/p/BTNuLGshNoT/[/embed]

Еркебұлан мен Маржан жақында ғана танысқан екен. Жас жігіт үйлену туралы шешімді бірден қабылдағанымен, марафон кезінде ұсыныс жасауды ойламапты да. Бірақ сәті бүгін түскен.

"Отбасын құратын адам таптым, енді өмірімдегі маңызды қадамды жасауға дайынмын деп шештім. Бірақ, дәл марафон кезінде ұсыныс жасауды ойламадым да. Бірақ марафон біздің қаламыздағы ең сүйікті шараның бірі, сондықтан осындай ерекше ұсыныс жасауды жөн көрдім. Мен он шақырым жүгіріп өттім. Барлығын видеоға түсірдім, енді үйлену тойға арналған ролик жасаймын",- дейді Еркебұлан.

Айта кетейік, Алматы Марафоны — ірі спорттық шара болумен қатар қайырымдылыққа да үлес қосып келеді. Әр жыл сайын тіркелуден жиналған қаражат қатерлі ісік, cал ауруы (БЦП) сияқты ауыр диагноздар қойылған балалардың емі мен мүгедектерді емдейтін  орталықтарға жабдық сатып алуға жұмсалады. Биылғы қаражат 1500 баланың еміне берілмек. Марафонның бас демеушісі - Kaspi Bank.

Похожие материалы