Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматылық кәсіпкерлер үшін тіркелген салық 48%-ға төмендеді

Алматылық кәсіпкерлер үшін тіркелген салық 48%-ға төмендеді

Алматы. 17 сәуір. 7kun.kz – Алматы мәслихаты қала кәсіпкерлері үшін тіркелген салықтың жаңа мөлшерлемесін бекітті. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ойын автоматтары, ойын жолдары (боулинг) және бильярд үстелдері үшін салық мөлшерлемесі айтарлықтай төмендеді.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы бойынша тіркелген салық 12 АЕК-тен 9 АЕК-ке дейін немесе 25%-ға төмендеді. Ал бірнеше ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы үшін бір айда салық 18 АЕК-тен 13 АЕК-ке дейін немесе 28%-ға төмендеді.

Ойын жолына (боулинг) тіркелген салық 42 АЕК-тен 20 АЕК-ке - 48%-ға дейін қысқарды.

Бильярд үстеліне арналған салық 40%-ға, 25 АЕК-тен 15 АЕК-ке дейін төмендеді.

«Бұл жеңілдік белсенді дамып, жасырын бизнесті көлеңкеден шығаруға мүмкіндік береді», - деп есептейді », - деп есептейді МКК.

Похожие материалы