Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматылық кәсіпкерлерге 33 млн теңге айыппұл салынды

Алматылық кәсіпкерлерге 33 млн теңге айыппұл салынды

Алматы. 8 қазан. 7kun.kz — Алматыда лаңкестікке қарсы нашар қорғалған объектілерге 33 млн теңге айыппұл салынды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жыл басынан бері арнайы құрылған жұмыс тобы белгіленген нысандардың 90%-дан астамын қамтыды, нәтижесінде 600-ден астам нысанның басшыларына терроризмнен қорғалудың белгіленген талаптарының бұзылуын жою туралы тапсырма берілді. ҚР ӘҚБК 149бабы мен 462-бабында қарастырылған құқық бұзушылық белгілері бойынша 101 нысанның басшыларына қатысты әкімшілік материалдар жиналып, шешім қабылдау үшін Алматы мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді, нәтижесінде 99 меншік иесіне 33 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды", - деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Еркін Іңкәров.

Сондай-ақ, полиция департаментінде Алматы полицейлері ТҚҚ объектілерінің басшылары, меншік иелері мен қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізетінін мәлімдеді. 40 мыңнан астам адам дәріс және кездесулер барысында терроризмге қарсы қорғалу туралы заңнама талаптарымен танысты.

Похожие материалы