Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматылық шенеуніктердің Lexus-тері жаппай сатылуда

Алматылық шенеуніктердің Lexus-тері жаппай сатылуда

Алматы. 13 маусым. 7kun.kz – Алматы қаласының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті 2012 және 2015 жылы шыққан екі Lexus RX кроссоверін сатуға қойды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Лоттардың сипаттамасында екі көлік те қамауда тұрғаны көрсетілген. Оларды қарызы үшін тәркілеген болуы мүмкін. Нақты кімнен тәркіленгені көрсетілмеген. Екі көлік те ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері тергеп жатқан іс бойынша қабылданған.

Бағалау есебінде 2012 жылғы ақ Lexus RX көлігін тексеру кезінде аккумулятор қуатының таусылғандығынан іске қосылмай қалғаны айтылған. Бірақ жалпы жағдайы жақсы. Көлік 12,6 миллион теңгеге бағаланды.

Ал 2015 жылы шыққан екінші Lexus RX 15,3 млн теңгеге бағаланды. Көліктің жүрісі небәрі 90 мың шақырым. Оның да аккумулятор қуатының таусылған.

Шамасы, екі машина да ұзақ уақыт бойы тұрақта тұр. Аккумуляторларының қуаты толығымен таусылып, көліктерді қалың шаң басқан.

Айта кетейік, мамырда электрондық сауда алаңынан «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ әкімшілігіне тиесілі 2018 жылғы сәнді Lexus LX 570 көлігі алынды.

Похожие материалы