Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматылық такси жүргізушісі шетелдікті әуежайдан қонақүйге дейін 45 мың теңгеге жеткізген

Алматылық такси жүргізушісі шетелдікті әуежайдан қонақүйге дейін 45 мың теңгеге жеткізген

Алматы. 26 шілде. 7kun.kz – Алматыда такси жүргізушісі италиялық азаматшаны алдап, әуежайдан қонақүйге дейін 45 мың теңгеге жеткізген. Такси жүргізушісінің кім екенін анықталды. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Көлік поициясында хабарлағандай, қала тұрғынынан шетел азаматын аса қымбат бағамен жеткізіп тастаған жүргізушіге шара қолдану керектігі туралы өтініш түскен. Көп ұзамай жедел іздестіру шаралары нәтижесінде, жеке такси қызметін көрсетіп жүрген адамның кім екені анықталды.

«Бұл Алматы облысының 48 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адам әуежайдан Бөгенбай батыр көшесіндегі қонақүйге дейін тым жоғары баға айтып, шетелдік азаматшаны жаңылыстырған. Құқық бұзушыға Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 449-бабы 1-бөлігі бойынша шара қолданылды», – деді департамент бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов.

Сондай-ақ Қарағандыда 53 жастағы ер адамның теміржол билетін сатып, билеті жоқтарды пойызға мінгізіп, делдалдық жасағаны анықталды.

«Ол бұған дейін де осындай қылмысы үшін жауапқа тартылған болып шықты. Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 449-бабы 2-бөлігі бойынша 10 айлық есептік көрсеткіш (31 800 теңге –ред.) көлемінде айыппұл салынды. Жыл басынан бері Көліктегі полиция департаментінің мамандары түрлі деңгейде заң бұзған 25 746 азаматты жауапқа тартты», – делінген департамент хабарламасында.

2022 жылдың басынан бері елде әуе және теміржол көлігі нысандарында түрлі әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 25 746 азамат жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде 1059 адам қоғамдық орындарда келеңсіздікке ұшыраған, оның 250-і заңсыз такси жүргізушілері.

Похожие материалы