Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматылық тұрғын 80 мың АҚШ долларын интернет-алаяқтарға аударып жіберген

Алматылық тұрғын 80 мың АҚШ долларын интернет-алаяқтарға аударып жіберген

Алматы. 4 қараша. 7kun.kz – Алматылық әйел 80 мыңдай АҚШ долларын интернет-алаяқтарға аударып жіберген, деп хабарлайды 7kun.kz.

Полиция хабарлауынша, қаскөйлер 21 қазанда ұялы телефон арқылы 55 жастағы әйелге қоңырау шалып, бірі өзін банк қызметкерімін, екіншісі полицеймін деп таныстырған. Екеуі де оның шотына белгісіз біреулер шабуыл жасағанын айтып, ақшаны одан әрі «қауіпсіз шотқа» салу үшін «банк маманына» тапсырып, сақтауды ұсынған.

«Содан кейін әйел адам, бейтаныс адамға 74 707 АҚШ доллар мен 1,3 млн теңге берген. Келесі күні К.есімді азаматшаға тағы да «банк қызметкерлері» телефон соғып, 2 млн теңге көлемінде несие алуға көндірген. Әйел қаскөйлердің бұл талабын да орындаған. Тек 1 қарашада ғана алаяқтардың құрбаны болғанын түсініп, полицияға жүгінген», – деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу-жедел тобы құрылды.

Қазір үш қаскөй анықталып, ұсталды. Күдіктілердің жалға алған кеңсесінде 20 ұялы телефон нөмірі және әртүрлі екінші деңгейлі банктерде ашылған 52 банк картасы табылып, тәркіленді. Олар қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырумен, криптовалютаға айырбастаумен айналысатындарын, бұл істен өз пайдасын алатындарын мойындады.

Қылмыстың басқа да сыбайластары және басқа да ықтимал эпизодтарды анықтау бойынша жедел және арнайы іс-шаралар жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды.

Похожие материалы