Алматы. 27 тамыз. 7kun.kz – Банктер қазақстандықтарға тұтынушылық несиелер үшін 3,8 трлн теңге берді.
Ұлттық банктің мәліметінше, 1 тамыздағы жағдай бойынша бұл көрсеткіш осы жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен салыстырғанда 473,6 млрд теңгеге артық (+ 15,1%).
Тамыз айының басында берілген несие көлемі бойынша Алматы көш бастап тұр. Бұл қалада тұтынушылық мақсаттарға 1,4 трлн теңгеден астам қаржы берілді. Екінші орында Нұр-Сұлтан – 313,1 млрд теңге. Одан әрі Шымкент – 242,7 млрд теңге және Қарағанды облысы – 244,1 млрд теңге.
Барлық несиелердің ең азы Түркістан облысына – 67,7 млрд теңге және Солтүстік Қазақстан облысына – 47,8 млрд теңге берілді.
Ұлттық валютада ұзақ мерзімді несиелер көбінесе Алматы – 1,2 трлн теңге және Нұр-Сұлтан тұрғындары – 307 млрд теңге алды. Шетел валютасымен Алматы қаласында – 36,3 млрд теңге және Шымкентте – 1,5 млрд теңге қарыз рәсімдеді. Қызылорда (23,8 млн теңге) және Түркістан (22,5 млн теңге) облыстарында аз несие берілді.
Ұлттық валютадағы қысқа мерзімді несиелер Алматыда көбірек берілді – 119 млрд теңге, ал Түркістан облысында шамамен 592 млн теңге.
Шетел валютасындағы несиенің бұл түріне Алматы тұрғындары – 2,7 млрд теңге және Шымкент тұрғындары – 16,6 млн теңге жиі жүгінген.