Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматылықтар жолдағы шұңқырлар бойынша қайда шағымданады

Алматылықтар жолдағы шұңқырлар бойынша қайда шағымданады

Алматы. 17 сәуір. 7kun.kz – Instagram-да бірыңғай @almaty_zholdary аккаунты іске қосылды. Аккаунт - Алматы қаласындағы ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстарымен айналысатын мердігерлердің баспасөз-кеңсесі.

«Бүгінгі таңда біз қала тұрғындарының көшелерді жөндеу бойынша барлық өтініштерін қабылдаймыз. Біздің мердігерлерімізге тікелей қатысты нәрселерді жылдам қалыпқа келтіреміз. Олар дереу жойылады. Бұл үндеулерден тыс барлық жағдайды әкімдікте нақтылаймыз. Мердігерлердің байланыс нөмірін аламыз және өтінімді өңдейміз. Қандай да бір сұраққа жауап бір күнде беріледі. Біз ешкімді әкімдікке де, қалалық басқару бөліміне де жібермейміз. Ол үшін Open Almaty-мен және басқармалармен тығыз жұмыс істейміз. Біздің жоба ұзақ мерзімді», - деді кеңсе басшысы Жанна Нұрсейітова.

Қазіргі уақытта қалада 121 көшені орташа жөндеу, сондай-ақ 14 шағын ауданда 456 жаңа көшені салу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс барысында жарық беру, арық желісі мен канализация салу жоспарланған. Сондай-ақ, көше ені мүмкіндік беретін тротуарлар салынады.

Орташа және ағымдағы жөндеуді орындаумен келесі мердігерлік ұйымдар айналысады:

  • Алатау ауданы - «Су Гордорстрой №2» ЖШС;
  • Алмалы ауданы - «Алонс СК» ЖШС;
  • Әуезов ауданы - «Конфорс» ЖШС;
  • Бостандық ауданы - «ДСУ 13» ЖШС;
  • Жетісу ауданы - «Мб-Дорстрой» ЖШС;
  • Медеу ауданы - «Есік жолдары» ЖШС;
  • Наурызбай ауданы - «Жол» ЖШС;
  • Түрксіб ауданы - «РСУ» ЖШС.

Жоспар бойынша, жөндеу жұмыстары осы жылдың қыркүйек айында аяқталады. Кепілдік мерзімі үш жылды құрайды, осы кезең ішінде мердігер ұйымдар әсерінен пайда болған кемшіліктер тегін жойылуы тиіс.

Похожие материалы