Алматы. 20 қаңтар. 7kun.kz - Алматының ауа бассейнін жақсарту жөніндегі кешенді жоспарында 2016 жылы мегаполистің газ желісі 57 километрге ұзаратыны көрсетілген. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аудандарға шаққанда Алатау ауданының газбен көп қамтылатыны байқалады, мұнда 31 км, Түрксіб ауданында 8,2 км Бостандық ауданында 6 км, Жетісу ауданында 5,1 км, Медеу ауданында 4,4 км, Алмалы ауданында 2 км-ге жуық газ құбырлары тартылады.
Қала қызметтері қосымша газ құбырларын салумен шектелмейді. Жеке секторды, өндіріс орындарын газға көшіру үшін жеке сектор иелері мен кәсіпкерлерге қатысты несиелеудің арнайы механизмі жасалады.
Мемлекеттік органдар газ желісіне қосылуға қиындық тудыратын қазіргі кезде бар кедергілерді алып тастайды.
Фото:odessaagrogaz.od.ua