Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматының негізгі капитал инвестициясы 400,5 млрд теңге болды

Алматының негізгі капитал инвестициясы 400,5 млрд теңге болды

Алматы. 9 қараша. 7kun.kz - Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен есепті баспасөз мәслихатында Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланың 2017 жылғы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері және таяу арада жүзеге асатын жоспарлар туралы айтты, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Алматыда 2017 жылы барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика қалыптасып, 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында экономиканың өсу қарқыны 4 пайызға жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе жоғары. Негізі капитал инвестициясы 12,8 пайызға өсіп, 400,5 млрд теңгені құрады. Мұндағы жеке инвестиция көлемі 80%. Сыртқы инвестициялар 23,5 пайызға артты.

Қалаға қосылған елдімекендерді дамыту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Екі жыл ішінде Алатау және Наурызбай аудандарында әкімшілік-іскерлік орталықтар қалыптасты. Универсиада арқасында 1,7 мың кезекте тұрғандар Атлеттер ауылынан жайлы пәтер алды. Жалпы, 9 жыл ішінде Алатау ауданын дамытуға 300 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды, оның 42 пайызы салық ретінде қайтарылды. Наурызбай ауданы құрылғалы бері 53 млрд теңге жұмсалды. Қазірдің өзінде бұл қаржының төрттен бірі қайтарылды, Наурызбай ауданында салық түсімі 11 есе өсті. Ауданда әкімдік, АІІД, салық, әділет, сот, прокуратура, ХҚКО, Қазпошта, зейнетақы төлеу ғимараттары пайдалануға берілді.

Қалада кәсіпкерліктің 173 мыңнан астам субъектісі жұмыс істейді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,7 пайызға көп. Индустриализация картасы бойынша жалпы құны 36,8 млрд теңге болатын 38 жоба жүзеге асып жатыр, осының арқасында 3 мың жұмыс орны құрылды. Индустриалды аймақта құны 191,3 млрд теңге болатын 40 жоба қолға алынған және 5 мың жұмыс орны пайда болды. Қалада Алматының Басжоспар Институты құрылды, деп атап өтті қала әкімі.

Похожие материалы