Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматының 2019 жылға арналған бюджеті бекітілді

Алматының 2019 жылға арналған бюджеті бекітілді

Алматы. 14 желтоқсан. 7kun.kz – Алматының  2019 жылғы бюджеті 525,2 млрд теңгені құрайды.  Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында осындай сома бекітілді.

Бекітілген бютжеттің  40%-ы әлеуметтік салаға жұмсалады. Қаражатқа 3 жаңа мектеп салынады және 8 мектептің сейсмикалық қуаты күшейтіледі. Сондай-ақ, жедел жәрдемнің 38 каретасы, медициналық қондырғылардың 800-ден астам бірлігі сатып алынады. Әлеуметтік жағдайы төмен жандарға көмек ретінде 6 млрд. теңге бөлінеді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға көп. Зейнеткерлерді белсенді өмірге тарту 2 есе артады.

«Біз Алматыны бәсекеге қабілетті, экономикалық жағынан тұрақты, жайлы қалаға айналдыруға тиіспіз. Ол үшін қалада жыл сайынғы экономикалық өсім орташа 5% болуы, адам басына шаққанда ЖӨӨ 15 жыл ішінде 1,5, ал 30 жылда 3 есе артуы тиіс. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «HATCH» халықаралық кеңесшілерімен бірге Алматының 2050 жылға дейінгі Шеберлік жоспары жасалып, келер жылы дайын болады», - деді Бауыржан Байбек.

Алматы әкімінің айтуынша, басты бағыт экономика құрылымын жүйелі өзгерту. Сондықтан мегаполисте жоғары интеллектуалды сектор мен туризмге жұмысшы күші тартылатын болады

Байбек қоғамдық көлік пен инфрақұрылымды дамыту қала әлеуетінің басты бағыттарына айналатынын атап өтті.

2019 жылы бес ықшам аудандарда 22,6 км жол салынады, 170 км жол орташа жөнделеді. Кіші көлік айналымы аясында үш жолайрығының құрылысы жалғасады.

Әкімнің хабарлауынша, келер жылы алматылық аулаларда ауқымды жөндеу жұмыстары қолға алынады.  Биыл 575 аула абаттандырылса, 2019 жылы тағы 600 аула жаңарады.

Похожие материалы