Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматының индустриялық аймағында 24 жоба іске асырылып жатыр

Алматының индустриялық аймағында 24 жоба іске асырылып жатыр

Алматы. 24 тамыз. 7kun.kz – ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы Ерлан Қайыров Алматы қаласының Алатау ауданындағы индустриялық аймақта бірқатар индустриялық жобаларды аралады, деп хабарлайды primeminister.kz.

Араланған нысандар қатарында - «Tokyo Rope Almaty» ЖШС инженерлік қауіпсіздік жүйелерін шығару жөніндегі өндірісті кеңейту және орнын ауыстыру кәсіпорны бар. Жоба жапондық Tokyo Rope трансұлттық корпорациясының қатысуымен іске асырылған.

Сонымен қатар, Комитет төрағасы «BRB APK» ЖШС жылыжай өндірістік кешенін, «Almapack Co LTD» ЖШС қағаз қаптар шығаратын зауытты, «DOC Co Ltd.» ЖШС кеңсе техникаларына арналған картридж шығаратын цехты, «Asia Steel Pipe Corporation» ЖШС үлкен диаметрлі дәнекерленген болат құбырлар шығаратын зауытты тексеріп, «КМК Investment» ЖШС кабельді-өткізгіш өнімдер шығаратын зауыттың құрылысы барысымен танысты.

Айта кету керек, Алматы қаласының Алатау ауданының солтүстік-батыс бөлігіндегі Іле және Қарасай аудандарының шекарасындағы индустриялық аймақтың құрылысы 2012 жылдан бастап жүргізілуде. Жалпы ауданы - 490 га. Бүгінде ИА аумағында 4 жоба бар, 24 жоба іске асырылу сатысында, олардың 9-ы осы жылдың соңына дейін іске қосылады. Қазірдің өзінде республикалық бюджеттен алынған бір теңгеге 5 теңге жеке инвестициялар тартылған.

Қазіргі таңда ҚР-да 22 индустриялық аймақ бар, оның ішінде 1-еуі - жеке ИА. Барлығы жұмыс істеп тұрған ИА аумақтарында жалпы сомасы 51,5 млрд теңгеге 106 жоба жұмыс істейді, 5003 жұмыс орны ашылған.

Шамамен 192,7 млрд теңге сомасына 94 жоба құрылыс сатысында тұр, 4 мың жұмыс орнын ашу көзделген. Сондай-ақ, 7 индустриялық аймақ құрылыс сатысында тұр, олардың инфрақұрылымының құрылысына бүгінде 39,6 млрд теңге бөлінген. Олардың ішінде 2 ИА-ны осы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарда бар. Сонымен қатар, 2 салынып жатқан ИА аумақтарында 20 млрд теңге сомасына 7 жоба іске асырылған, 319 жұмыс орны құрылған. Бұдан өзге, тағы 9 ИА жобалау сатысында тұр.

Похожие материалы