Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматының өз медиа орталығы пайда болады

Алматының өз медиа орталығы пайда болады

Алматы. 13 желтоқсан. 7kun.kz – Алматыда Qazaqstan телеарнасының орнында жаңа медиа орталық салынады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қаңтар оқиғасы кезінде телеарнаның ғимаратты өртенген болатын. Кейін комиссия нысан қалпына келтіруге жарамайды деген шешім шығарды.

«Qazaqstan телеарнасының бұзылған ғимаратының орнында заманауи медиа орталықтың құрылысы басталды. Ол келесі жылдың соңында аяқталады», – делінген әкімдік хабарламасында.

Сондай-ақ қала әкімдігінің ғимаратын қалпына келтіру жұмыстары 2023 жылдың екінші тоқсанында аяқталатыны атап өтілді. Қалада адам көп жиналатын орындарға жыл соңына дейін 3 050 бейнекамера орнатылмақ.Биыл қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қосымша 16,8 млрд теңге бөлінді.

Похожие материалы