Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алтын бағасы соңғы сегіз айдағы рекордты нәтижені көрсетті

Алтын бағасы соңғы сегіз айдағы рекордты нәтижені көрсетті

Алматы. 1 ақпан. 7kun.kz – Бірінші ақпанға арналған металл және мұнай бағамдарының бағасы анықталды.

Мұнай: АҚШ-тың Венесуэлаға қарсы санкциялары нарыққа жанармай жеткізілімінің күрт қысқаруына алып келуі мүмкіндігінен эталондық маркалар шикізаты қымбаттауын жалғастырып жатыр. Бұл туралы investing.com жазды. 22: 13-де Brent маркалы мұнай қоспасының сәуір фьючерстерінің құны 1,02% - ға, барреліне 62,18 долларға дейін көтерілді. WTI фьючерстерінің бағасы 1,77% - ға, барреліне 55,20 долларға дейін өсті.

Металдар: Алтын бағасы соңғы сегіз ай ішінде ең жоғары деңгейде қымбаттады. Инвесторлар монетарлық саясат бойынша ФРЖ-ның маңызды шешімін күтіп жатыр. 22:16-да Нью-Йорктегі Comex биржасында ақпан айындағы алтын фьючерс бағасы 0,90% дейін өсіп, бір троялық унциясы 1327,45 долларға сатылды. Күміске фьючерстің құны 1,04%-ға, бір унция үшін 16,1 долларға дейін көтерілді.

Криптовалюталар: Coinmarketcap.com порталының  мәліметтері бойынша  22:20-да bitcoin 3 456,91 долларға сатылды. Соңғы 24 сағатта бірінші криптовалюта 0,80%–ға арзандап, ал оның капитализациясы 60 млрд долларды құрады. Осы уақытта Ethereum 1,86% –ға төмендеп, 106,93 долларға сатылды. Бұл криптондық валютаның капитализациясы 11,2 млрд долларды құрады. Нарықтың жаһандық капитализациясы – 104,2 млрд доллар.

Похожие материалы