Алматы. 23 сәуір. 7kun.kz – Жыл басынан бері алтын фьючерстерінің бағасы бір троялық унция үшін 0,5%-ға, 1277 долларға дейін төмендеді.
Investing мәліметтеріне сәйкес, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қымбат металл бір троялық унция үшін 1 283,35 долларға сатылды.
Алтынның ең жоғарғы құны 20 ақпан күні – 1347,9 доллар, ең төменгі бағасы 18 сәуір күні – троя унциясы үшін 1271,9 доллар мөлшерінде тіркелді.
Сонымен қатар, 22 сәуірде COMEX-те маусымның қымбат металдар фьючерстері бір унция үшін 1276,55 долларды құрады, бірақ 23 сәуірге дейін баға біршама көтерілді - 1,277,05 доллар. Осылайша, жыл ішінде баға 0,5%-ға төмендеді.
Ұлттық Банктің ақпаратына сәйкес, 23 сәуірдегі алтынның бір грамм құны 15,5 мың теңгені құрайды.
Бұдан басқа, «Открыти Брокер» тауар нарығының талдаушысы Оксана Лукичева биылғы жылы алтынның 3 пайызға дейін өсетінін болжайды.
Ал COMEX-те сатылатын басқа тауарларға келсек, мамыр айында жеткізілетін күміс бағасы бір троялық унция үшін 14,975 доллардан асып, мыс бағасы бір фунт үшін 2,910 долларды құрады.