Алматы. 8 қаңтар. 7kun.kz – Сhina Citic Bank Corporation Ltd акционерінің тарапынан екі өкіл "Altyn Bank" АҚ Басқарма төрағасының орынбасарлары лауазымына ие болды. Бұл туралы "Altyn Bank" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
"Менің жаңа орынбасарларым - банк және қаржы саласында бай тәжірибесі бар жоғары білікті басқарушылар. Бұл тағайындаулар Altyn Bank - тің Қазақстандағы ең сенімді және қарқынды дамып келе жатқан шетел банктерінің бірі ретіндегі ұстанымын одан әрі күшейтуге қызмет ететініне сенімдімін", - деп атап өтті Басқарма төрағасы Марат Әлменов.
Ху Цэфэн "Altyn Bank" АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды. Қазақстанға көшкенге дейін ол Сhina Citic Bank Corporation Ltd активтер мен пассивтерді басқару департаментінде басшы болды.
"Altyn Bank" АҚ Басқарма төрағасының тағы бір орынбасары болып Цзя Фэй сайланды. Жаңа қызметіне дейін Цзя Фэй Сhina Citic Bank Corporation Ltd қаржы және бухгалтерлік есеп департаментін басқарды. Ал Altyn Bank-те ол операциялық-қаржы блогына жетекшілік етеді.