Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Altyn Bank "Ba1" көрсеткішімен коммерциялық банктер арасында ең жоғары рейтинге ие болды

Altyn Bank "Ba1" көрсеткішімен коммерциялық банктер арасында ең жоғары рейтинге ие болды

Алматы. 14 желтоқсан. 7kun.kz – Moody’s халықаралық рейтингілік агенттігі Altyn Bank-тің депозиттер рейтингісін жаһандық межелік бойынша – Ba2 деңгейінен Ba1 деңгейіне дейін жоғарылатты. Сондай-ақ,  ұлттық межелік бойынша да банк  A2.kz-тен Aa3.kz-ке дейін көтерілді.

"Moody’s агенттігінің берген жоғары бағасы – бұл Altyn Bank-тің Қазақстанның қаржы нарығындағы қазіргі мықты жайғасымдарын растайтын орынды қадам. Жоғары несиелік рейтингілер, өтімділіктің жеткілікті деңгейі, клиентке қарай бағытталу, шешім қабылдаудың икемділігі мен жеделдігі ірі акционерлердің, яғни China CITIC Bank Corporation Ltd, China Shuangwei Investment Co Ltd, «Қазақстан халық банкі» АҚ-ның беделімен үйлескен түрде Altyn Bank жайғасымдарының нығаюына, қолда бар ресурстарды өршіл міндеттерді орындауға және жаңа биіктерге жетуге арнап жұмылдыруға ықпал етеді " –деді банк Төрағасы Марат Әлменов.

Агенттіктің пікірінше, сарапшылардың банктің несиелік қабілетіне берген ba2 деңгейіндегі базалық баға  тұрақты мықты қаржылық ахуалы мен төлем қабілеттілігінің көрсеткіштерін, активтердің төмен-тәуекелді құрылымын көрсетеді. Сондай-ақ жоғары кірістілік көрсеткіштері мен Банктің өтімділік деңгейін айқындайды.

"Біз Банктің жаңа стратегиясын іске асыруға кірісе бастадық, оның негізгі басымдықтары активтердің сапасын қолдау, ілгері банкілік технологияларды енгізу және клиенттік сервисті жетілдіру болып табылады" , - деп атап өтті Әлменов.

Айта кетейік, «Altyn Bank» АҚ (China CITIC Bank Corporation Ltd ЕБ) Қазақстанның қаржы нарығында 20 жылдан бері қызмет етіп келеді. Altyn Bank әмбебап сипаттағы коммерциялық банк болып табылады және корпоративтік және жеке клиенттерге қызмет көрсетеді.  Активтерінің мөлшері бойынша 14-ші орында және коммерциялық банктердің арасында ең жоғары рейтингіге ие (Fitch – “BBB-”, Moody’s – “Ba1”).

Похожие материалы