Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алтын өнеркәсіпшілерінің одағы алтын бағасының болжамын унциясына $1200 дейін төмендетті

Алтын өнеркәсіпшілерінің одағы алтын бағасының болжамын унциясына $1200 дейін төмендетті

РФ Алтын өнеркәсіпшілерінің одағы 2015 жылдың қорытындысы бойынша алтынның орташа бағасының болжамын унциясына $1200 дейін төмендетті деп хабарлады ұйым төрағасы Сергей Кашуба Мәскеуде өткен "Золото и Технологии 2015" конференциясының барысында.

2014 жылы алтынның орташа бағасы унциясына $1267 болған-тын. Бастапқыда Алтын өнеркәсіпшілерінің одағы 2015 жылғы өсім 3-7%, баға унциясына $1300-1350 дейінгі аралықта болады деп болжаған еді. Содан соң ұйым болжамды унциясына $1280 дейін төмендетті, бұл шамалы өсімді ғана білдіреді (шамамен 1%). Жаңартылған болжам 2015 жылы баға 5%-ға төмендейді дегенді білдіреді.

Лондонның асыл металдар нарығы қауымдастығы (London Bullion Market Association, LBMA) сұрастырған аналитиктер 2015 жылы алтын бағасы унциясына $1211 болады деген болжам жасады, яғни 2014 жылмен салыстырғанда метал құны 4%-ға төмендейді деген сөз.

Thomson Reuters GFMS $1170 деңгейіндегі болжамды (бағаның шамамен 8%-ға төмендеуін) беріп отыр.

Похожие материалы